
Домбыра-рухтың үні
09.07.2026
Әрбір ірі мәдени оқиғаның артында өз ісін шын жүректен сүйетін адамдар тұрады.
09.07.2026ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл Музей қорындағы бірегей жәдігерлердің бірі – Дина Нұрпейісованың өз орындауындағы «Сауыншы» күйінің сирек дыбысжазбасы. Бұл тарихи жазба 1948 жылы таспаға түсіріліп, 1955 жылы патефон күйтабағы ретінде жарық көрген. «Сауыншы» күйі – еңбек адамын дәріптейтін туынды. Шығармада қайсар мінез, еңбекқорлық пен жасампаз еңбекке деген сүйіспеншілік айқын көрініс тапқан. Домбыраның шебер орындалуы мен нақышты ырғағы өз ісіне адал, жігерлі әрі мақсаткер жанның жарқын бейнесін сомдайды. Бұл шығарма Дина Нұрпейісованың кеңінен танылған күйлерінің бірі болып саналады және қазақтың дәстүрлі домбыра өнері орындаушыларының репертуарында ерекше орын алады. Осы тарихи үн арқылы біз мәдени эстафетаны бастап, оны әріптестерімізге жолдаймыз. Барлық мәдениет мекемелерін, шығармашылық ұжымдарды және білім беру ұйымдарын домбырамен байланысты өз сәттерімен бөлісуге шақырамыз. Ол күй орындау, концерт, ашық сабақ немесе музей қорындағы құнды жәдігер болсын – ұлттық мұрамызды бірге дәріптейік!


