
Qazaq Creative Hub
09.07.2026
«ДО-МИ-СОЛЬ-КА» ЖОБА.
09.07.2026Менің Қазақстаным
ҚР қазіргі Мемлекеттік әнұранының тарихына қызығатындар үшін ерекше мүмкіндік. 1965 жылы дыбысқа жазылған «Менің Қазақстаным» әнінің түпнұсқа жазбасын көріп, тыңдағыңыз келсе, @qazaqcreative көрмесіне барыңыз. Бұл туындыны алғаш орындаған Қазақстанның халық әртісі Жамал Омарова. Композитор Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжімеденов 1956 жылы жазған ән алғаш рет Қазақ радиосының эфирінен Жамал Омарованың орындауында шырқалып, халыққа кеңінен танылды. Кейін «Менің Қазақстаным» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранына айналып, 2006 жылы ресми түрде бекітілді


