
Менің Қазақстаным
09.07.2026
«ДО-МИ-СОЛЬ-КА»: музыка мен әдебиет әлеміне саяхат
28.08.2026«ДО-МИ-СОЛЬ-КА» ЖОБА.
«ДО-МИ-СОЛЬ-КА» ЖОБА. Павлодарлық ақындармен кезекті шығармашылық кездесу өтті. Бұл жолы біздің қонақтарымыз №16 мектеп-лицейдің оқушылары болды. Балалр ақындар, П.Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшелері — Людмила Бевз, Наталья Борисовская және Галина Юнемандардың шығармашылығымен жақынырақ танысты. Ақындар өз өлеңдерін оқып, әдебиетке келу жолдары туралы әңгімеледі және шығармашылықтың қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар оқушылар жергілікті авторлардың шығармалары бойынша түсірілген мультфильмдерді тамашалап, ерекше әсер алды. Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі композитор Лариса Лобченконың өнер көрсетуі болды. Ол фортепианода «Солнечный круг» әнін орындап, оқушылар сүйікті әнді бірге шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кездесу әсерлі де мазмұнды өтті. Поэзия мен музыкаға толы бұл жүздесу жас оқырмандардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, оларға ұмытылмас әсер қалдырды.







