
«ДО-МИ-СОЛЬ-КА» ЖОБА.
09.07.2026
Біздің келушілер
28.08.2026«ДО-МИ-СОЛЬ-КА»: музыка мен әдебиет әлеміне саяхат
«Развитие» балалар орталығының тәрбиеленушілері қонақта болып, музейдің тарихымен танысып, оның негізін қалаушы Наум Шафер және бірегей күйтабақтар топтамасы туралы білді.
Кездесудің ең қызықты бөлігі Людмила Бевз өткізген интерактивті бағдарлама болды. Жас қонақтар алғаш рет павлодарлық ақындардың өлеңдері негізінде мультфильмдер түсірілгенін біліп, өңіріміздің мәдени тарихының осы бір қызықты бетімен танысты.
Балалар әдебиеті тақырыбын жалғастыра отырып, оларға музей қорында белгілі балалар жазушылары мен ақындарының шығармалары жазылған көптеген күйтабақтар сақталғаны туралы айтылды. Әсіресе, Корней Чуковскийдің «Доктор Айболит» ертегісінен үзіндіні тыңдау балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар жазушының шығармашылығы туралы өз білімдерімен бөлісіп, оның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кездесу мазмұнды, танымдық әрі әсерлі өтті. Ол балаларға жаңа білім, жарқын әсер сыйлап, әдебиет, музыка және мәдени мұра әлемінің әрдайым қызықты әрі тартымды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.








