
«ДО-МИ-СОЛЬ-КА»: өлеңдер экранда жанданды
28.08.2026
«ДО-МИ-СОЛЬ-КА»: жазғы кездесулердің қорытындысы
28.08.2026«ДО-МИ-СОЛЬ-КА»: музыка әлеміне көңілді саяхат
Музейге Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары қонаққа келді.Экскурсия барысында балалар музейдің тарихымен танысып, әртүрлі күйтабақ түрлерін көрді және музыканы тыңдауға арналған құрылғылар мен күйтабақ ойнатқыштарының әр кезеңде қалай өзгергені туралы білді.
Кездесудің ең көңілді бөлігі музыкалық викторина болды. Жас қонақтар таныс әуендерді қызыға тауып, әндерді бірге шырқап, ойынға белсенді қатысты.
Балалардың қызығушылығы, белсенділігі мен көтеріңкі көңіл күйі үшін алғыс айтамыз! Музейде тағы да жүздескенше!




