
«ДО-МИ-СОЛЬ-КА»: жазғы маусымның соңғы аккорды
28.08.2026
«Абай: уақытты жалғаған мұра»
28.08.2026Абай мұрасы: сөзден әнге дейін
Абай Құнанбайұлының есімі – бүкіл әлемге танымал ұлы мұраның символы. Оның шығармашылығын зерттеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуде көптеген ғалымдардың еңбегі зор. Солардың ішінде көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, жазушы, абайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі — Қайым Мұхамедхановтың орны ерекше. Қатысушылар Қайым Мұхамедхановтың Абай мұрасын зерттеудегі ғылыми еңбегімен танысып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алды.
Кештің ерекше сәті — патефон пластинкаларынан Абай әндерін тыңдау болды. Өткен дәуірдің үнін жеткізген патефоннан ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндері шырқалды.





