
«ӘН — ЗАҢ СИЯҚТЫ: МУЗЫКАНЫ НЕ РЕТТЕЙДІЖӘНЕ ҚОҒАМДЫ НЕ РЕТТЕЙДІ?»диалог-экскурсия
17.09.2026
Ақын мұрасы: уақыт кеңістігіндегі көзқарас
23.09.2026«Ән — заң сияқты: музыканы не реттейді және қоғамды не реттейді?»
«Заң және тәртіп» тұжырымдама аясында №39 мектептің жоғары сынып оқушыларымен өткен кездесу осылай деп аталды. Оқушылар алдында Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы А.Е.Тукенов пен «Заң және тәртіп» идеологемасының амбассадоры Ж.А. Буламбаевалар сөз сөйлеп, авторлық құқық, зияткерлік меншік және музыкалық шығармаларды пайдалануға байланысты жауапкершілік туралы әңгімеледі. Ал №39 мектеп директоры Асет Серікбаев мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ заңға және қоғам нормаларына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Әр әннің артында авторы бар.
Әр құқықтың артында жауапкершілік бар.


