
Астана: алып қаланың әуен
09.07.2026
Домбыра-рухтың үні
09.07.2026ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ. Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл
Музей қорынан Дина Нұрпейісованың өз орындауындағы «Бұлбұл» күйі жазылған сирек патефон күйтабағын ұсынамыз. Жазба 1938 жылы таспаға түсіріліп, 1958 жылы патефон күйтабағы ретінде жарық көрген. «Бұлбұл» – Дина Нұрпейісованың ең танымал әрі лирикалық күйлерінің бірі. Бұл шығарма күйшінің орындаушылық және композиторлық шеберлігінің биік шыңы саналып, қазақтың дәстүрлі домбыра өнерінің алтын қорына енген. Күй бұлбұл құсының әсем үніне тәнті болған сәттен туған. Дина Нұрпейісова домбыраның сырлы үні арқылы бұлбұлдың әуезді сайрауын, табиғаттың сұлулығын және адамның нәзік жан дүниесін ерекше шеберлікпен бейнелейді. Шығарма әуенінің әсемдігімен, иірімдерінің көркемдігімен және орындаушылық тәсілдерінің байлығымен ерекшеленеді. «Бұлбұл» күйін орындау жоғары кәсіби шеберлікті талап етеді. Сондықтан ол домбыра репертуарындағы ең күрделі әрі көркем күйлердің бірі ретінде бағаланады.


