
Музыкалық мұраға арналған құнды кітап
28.08.2026
Музыка адамдарды біріктіргенде
28.08.2026«Кирпичики»: музыка мен өнер тоғысқан тарих
1995 жылы «Кирпичики» грампластинкасы жарық көрді. Оның құрастырушысы әрі музыкалық-әдеби редакторы — Наум Григорьевич Шафер. Пластинка оның бірегей коллекциясы негізінде шығарылған. Шафердің коллекциясы өз өсиеті бойынша музейге табысталып, бүгінде Қазақстан Республикасының ұлттық-мәдени игілігі болып табылады.
«Кирпичики» пластинкасының мұқабасын суретші Александр Иванович Бибин безендірген. Бұл басылымның тағы бір ерекшелігі — «Кирпичики» аты аңызға айналған Апрелевск грампластинка зауыты шығарған соңғы пластинкалардың бірі. Ол өндіріс тоқтағанға дейін небәрі екі жыл бұрын жарық көрген.
Евгений Евтушенко пластинканың мұқабасын көріп, суретшінің жұмысына қызығушылық танытып, онымен танысқысы келеді. Оларды дәл Наум Шафер таныстырған.
Осылайша, бір пластинка мен Наум Григорьевичтің арқасында ақын мен суретшінің таныстығы басталып, кейін достыққа ұласты.
Жақында біз осы пластинканы Бибиннің картиналары сақталған көркемсурет музейіндегі әріптестерімізге сыйға тарттық.
Осылайша, Наум Шафердің коллекциясы негізінде дүниеге келген пластинка кезінде екі шығармашылық тұлғаны табыстырса, бүгінде өзі де музей тарихының бір бөлігіне айналды.
Мұндай жәдігерлер тек музыканы ғана емес, мәдениеттің өміршең болуына үлес қосқан адамдардың да жарқын естелігін сақтайды.






