
«Абай: кітаптар мен күйтабақтардағы мұра»
28.08.2026
Музыкалық мұраға арналған құнды кітап
28.08.2026«Уақыт үні»: тарихпен үндескен жастар
Халықаралық жастар күніне орай «Жас Ұрпақ» КМҚК жастарына арналған Жастар бастамаларын дамыту орталығы қолдауымен «Уақыт үні: жастар тарихпен үндеседі» атты танымдық іс-шара өтті.Қатысушылар музей тарихымен танысып, музей мен Шафер туралы деректі фильмдерден үзінділер тамашалады. Сондай-ақ дыбыс жазу өнерінің тарихы туралы қызықты мәліметтер алды. Жастардың ерекше қызығушылығын патефонның үні тудырды. Оның әуезді дыбысы қатысушыларға музыкалық өткенге саяхат жасап, тарихпен етене танысуға мүмкіндік берді. Алғашқы күйтабақтардан бастап қазіргі цифрлық тасымалдағыштарға дейінгі дыбысты сақтау және жаңғырту технологияларының даму жолы көрсетілді.
Жастар музейдің бай қорында сақталған патефон және винил күйтабақтардағы қазақтың белгілі әншілерінің орындауындағы әндерді тыңдап, өткен дәуірдің әуенімен танысты.







