
«Уақыт үні»: тарихпен үндескен жастар
28.08.2026
«Кирпичики»: музыка мен өнер тоғысқан тарих
28.08.2026Музыкалық мұраға арналған құнды кітап
Жақында біздің қорымызға Владимир Константинович Солоненконың «Песня не прощается с тобой» атты жаңа кітабы сыйға тартылды. Кітап 2026 жылы «Алетейя» баспасынан жарық көрген (Санкт-Петербург қ.)
Біз үшін бұл — ерекше құнды сый. Кітап авторы Наум Григорьевич Шафермен жеке таныс болған. Шафер оның Мәскеудегі үйінде қонақта болған, ал 2007 жылы Владимир Константиновичтің өзі Шафердің қонағы болып, Павлодар қаласына келген.
Бұл кездесулер Владимир Константиновичтің жадында сақталып, Наум Шафер тақырыбы оның зерттеу еңбектерінде жалғасын тапты. Жаңа кітапта Шафердің филофонист-коллекционер ретіндегі қызметіне арналған мақала жарияланған.
Кітаптың өзі кеңестік ән мәдениетінің тарихына, грампластинкаларға, әншілерге, композиторлар мен ақындарға, сондай-ақ музыкалық мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге үлес қосқан адамдарға арналған.
Біздің жұмысымыз үшін бұл кітаптың маңызы ерекше. Ол Наум Григорьевич Шафер туралы және Павлодардың музыкалық тарихына қатысты дереккөздер қорын толықтырады.
Владимир Солоненкоға осы құнды сыйы үшін және өз зерттеулері арқылы музыкалық мұраны сақтауға өлшеусіз үлес қосқан Наум Григорьевичтің есімін, еңбегін, рухани мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізіп келе жатқаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.






