
Тарихтың дауысты шежіресі
09.07.2026
«Тарихтың дауысты шежіресі»
09.07.2026Дыбыс тарихы – адамзат жадының тарихы.
Дыбыс тарихы – адамзат жадының тарихы.
«Creative Aimaq» жобасы аясында Астана қаласында өткен «Тарихтың дауысты шежіресі» көрмесінде келушілер ғасырдан астам уақыт ішінде дыбыс жазу тасымалдағыштарының қалай өзгергеніне куә болды.
Экспозиция патефон күйтабақтарынан бастау алды. Дәл осы қарапайым құрылғылардан бүгінгі цифрлық технологияларға дейінгі ұзақ даму жолы басталған еді. Көрмедегі әрбір жәдігер өз дәуірінің үнін жеткізіп, адамдардың сүйікті әндерін, жақындарының дауыстарын және қымбат естеліктерін қалай сақтап келгенін еске салды.
Көрменің алғашқы сәттерінен сыр шертетін фотосуреттерді назарларыңызға ұсынамыз.


